Digital Day 2026 аясында Google Developer Expert өткізетін практикалық воркшоп!
🚀 AI-Native Web Development: Hands-On
Жасанды интеллект көмегімен бір сабақтың ішінде толыққанды веб-сайтты қалай жасауға болады?
Сіздерді идеядан бастап дайын веб-бетке дейінгі барлық кезеңді өз тәжірибеңізде жүзеге асыратын практикалық воркшопқа шақырамыз! Жасанды интеллект код жазуға, сайтты браузерде іске қосуға, оны тестілеуге және қателерді түзетуге көмектеседі.
🎤 Спикер: Fabian Krumbholz - Google Developer Expert for Web, Principal Web Performance Consultant at Speed Kit
Сізді не күтеді?
🔹 Жасанды интеллект көмегімен заманауи веб-бет жасау
🔹 Antigravity және Chrome браузерінің кіріктірілген AI құралдарымен жұмыс істеу
🔹 Chrome DevTools for Agents көмегімен жобаны тестілеу және оңтайландыру
🔹 Келесі күннен бастап қолдануға болатын AI-native веб-әзірлеу бойынша практикалық тәжірибе жинақтау
Воркшоп студенттерге де, тәжірибелі әзірлеушілерге де арналған. Әр қатысушы көрсетілімді жай ғана тамашалап қоймай, өз жобасын жасап шыға алады.
💻 Маңызды: өзіңізбен бірге міндетті түрде ноутбук алып келіңіз.
🌐 Өткізілу тілі: ағылшын тілі.
Іш пыстыратын дәрістер болмайды: тек практика, AI құралдары және өз қолыңызбен жасалған жоба!
📅 13 қараша 2026 жыл
🕑 14:00–15:30
📍 Coventry University Kazakhstan, Алматы қ., Самал-3 ықшамауданы