Women in Tech Qostanay өңірлік филиалы ашылды
Қостанайда «Аман Бол» жобасы таныстырылып, әйелдер цифрлық сервистер мен жасанды интеллектті қалай қауіпсіз пайдалана алатыны талқыланды.
· Қостанай

Women in Tech Kazakhstan Қостанайда өңірлік филиалын ашты. Жаңа алаң технологияларға, кәсіпкерлікке және кәсіби дамуға қызығушылық танытатын әйелдерді біріктіріп, оқу, тәжірибе алмасу және нетворкинг кеңістігіне айналады.
Филиалдың ашылуы өңірде технологиялық білімге қолжетімділікті кеңейтеді
Women in Tech Qostanay өңірлік көшбасшысы — Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы ҚАИТҚ президенті және «КАС Консалтинг» директоры Ирина Сулименко. Филиал Women in Tech Kazakhstan-мен бірге білім беру бастамаларын дамытып, Қостанай облысында белсенді кәсіби қоғамдастық қалыптастырады.
«Аман Бол»
Цифрлық сауаттылық, дербес деректерді қорғау және онлайн-сервистерді қауіпсіз пайдалану туралы жоба.
AI for Her
Жасанды интеллектті өмірде, оқуда және мансапта қолдану туралы бастама.
AI for Her Business
Кәсіпкерлікке, жұмыс процестеріне және бизнесті дамытуға арналған AI-дың практикалық мүмкіндіктері.
«Аман Бол» қауіптерді тануға және жеке деректерді қорғауға көмектеседі
Кездесудің басты тақырыбы «Аман Бол» жобасының таныстырылымы болды. Women in Tech Kazakhstan жобасы әйелдерге цифрлық сауаттылығын арттыруға, онлайн-қауіптерді тануға, дербес деректерін қорғауға және заманауи цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалануға көмектеседі.

Панельдік сессия AI бизнес-процестерді қалай өзгертетінін көрсетті
Сарапшылар жасанды интеллектті бизнеске енгізуді, жұмыс процестерін оңтайландыруды және компанияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Пікірталасты Women in Tech Kazakhstan тең құрылтайшысы және Education бағытының Team Lead-і Лаура Саламат жүргізді.
Қалай өтті
Women in Tech Qostanay өңірлік филиалының ашылуынан кадрлар.



Women in Tech Kazakhstan — әйелдерді технологиялық және цифрлық ортада біріктіріп, білім беру, мансаптық және қоғамдық бастамаларды дамытатын Women in Tech® халықаралық қауымдастығының қазақстандық өкілдігі.